Шымкент қаласында Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы Нұркөз Жаңабаев, Қаратау аудандық Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахман, Бағдат Ысқақов, «Қайнарбұлақ» БПҰ төрағасы Берікбай Елтайұлы бастаған бақылаушылар Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың төтенше жағдайға сәйкес COVID-19 жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында 23 наурыздағы №285 қаулысымен енгізілген карантинге байланысты еліміздегі үшінші мегаполис Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша қойылған бес блок бекетін аралап, бекеттердің тыныс тіршілігімен танысып шықты. Күзетте тұрған полиция қызметкерлерімен сөйлесіп жұмыс барысымен танысты. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың 02 сәуірдегі № 9 қаулысымен бекітілген көшеде жүру режимі қалыпты жағдайға түскен. Барлық қала тұрғындарының көшеде маскалы режимде жүруі, ғимараттар, карантин кезінде сақтық шараларын қатаң бақылауға алған. Күнделікті қала аумағындағы көшелер, ғимараттар, алаңдар, аялдамалар залалсыздандырылады. Саябақ ойын алаңдары және өзге де демалыс орындары да залалсыздандырылуда. Қала тазалығы да назардан тыс қалып отырған жоқ. Жұмысшы топ мұны да тексеріп өтті. Бекітілген тәртіптік ереже маскалық режим, ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланып отыр.
Жарияланды: 08.04.2020