Жарияланды: 08.04.2020

Ең көрікті саябақтардың бірі

Шымкенттегі ең таза саябақтардың бірі «Жеңіс» демалыс аймағында бүгінде жұмыс қыза түскен. Ауа райының тосын мінез танытуы да жұмысшыларға кдергі емес. Бүгін аспан түнеріп, ақ жауын төпеп тұр. Соған қарамастан тазалық сардарлары саябақ аумағының көркін кіргізетін жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Бірі аяқжолдарды тазалап, сыпырса, енді бірі қаулап өскен көкөскін көгалды ору жұмыстарын атқаруда. Аяқжолдарға өсіп кеткен шөптерді тазалау да жұмысшылардың мойнында. Саябақ жұмысшысы Асқар Молдияров: «Мұнда жұмыс істеп келе жатқаныма біршама уақыт болды. Саябақтың тап-тұйнақтай тап-таза болып тұрғанын көріп, алғыс айтатындар көп. Таң ата басталатын жұмысымыз күн бата аяқталады. Бүгін жаңбырдың құйып тұрғанына қарамастан көгалдарды қырқып жатырмыз. Арнайы машинкамен белгіленген аумақты тез арада бітіруіміз керек». Саялы саябақтың гүлдей құлпырып тұруы үшін осындай қарапайым еңбек адамдары ерінбей еңбек етеді. Еткен еңбектерінің нәтижесі де жоғары. Бүгінде «Жеңіс» саябағы қаладағы ең таза, ең көрікті бақтардың бірі.

 

Қуаныш Дәулетқали

1 174 қаралым