Жарияланды: 08.04.2020

Тазалық шаралары қатаң бақылауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталықтарының жұмысымен танысып, 6 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сақталған қойманы аралап, еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы «Жібек жолы», «Қазыбек» көтерме базарларына барып, ондағы азық-түлік бағаларын бағамдап, сатушылар және сатып алушылармен тілдесті. Сонымен қатар, бағаның негізсіз көтерілуіне жол беріп және санитариялық тазылық шараларды сақтамайтын базар басшылары болса қатаң шара көрілетінін ескертті. Қәзіргі таңда, қоймалардығы азық-түлік тауарлары жеткілікті және алаңдауға еш негізі жоқ. Әл-Фараби ауданы аумағында 4-нарықтық базар орналасқан олар: «Орталық қырғы базар», «Акбар», «Қызыбек» базарларында тазалық шаралары қатаң бақылауда. Базар тазалығы күнделікті тексеріледі.

882 қаралым