Жарияланды: 08.04.2020

Құрылысқа 400-ден астам азамат тартылған

Шымкент қаласында инфекциялық ауруларға қарсы жаңа госпитальдің құрылысы басталды. 200 науқасқа арналған емдеу мекемесінің құрылысы 20 күннің ішінде аяқталғалы отыр. Қазір бұл аумақта жерді тегістеу жұмыстары жүруде. Құрылысқа 400-ден астам азамат тартылған. Аурухана жылдам құрастырылатын жеңіл құрылыс материалдарымен соғылмақ. Жобаға сай госпитальдің желдету жүйелері, ғимараттың қорғаныш талаптарына сай болуына ерекше мән беріліп отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Сондай-ақ, емдеу мекемесі озық медициналық құралдармен жабдықталатын болады. Ал бүгінде науқастарға қызмет көрсетіп жатқан Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар аурханасының ғимараты осыдан жарты ғасыр бұрын салынған. Сондықтан оны заман талабына сай жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Қазіргі салынып жатқан госпиталь барлық талаптарға сай. Жаңа медициналық жабдықтармен толықтай жабдықталады. Әрбір ауру түріне байланысты бокстық палаталар болады. Арнайы реанимация болады». 

916 қаралым