Жарияланды: 09.04.2020

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Сәуірде қардың қатты жауғанына байланысты коммуналшылардың жұмысы қауырт. Шымкент қаласында ағаштың құлауының 24 оқиғасы тіркелді,  зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, ал 06: 30-дан бастап қаланың 4 ауданында электр жарығы сөнген. Шамамен 8 мың абонент жарықсыз қалған. Төтенше жағдайлар қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде,коммуналшылар құлаған ағаштардың көшелер мен жолдарды тазартуда. Шымкент қаласында жауын-шашын туралы алдын ала ескерту жарияланған. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 80-нен аса жеке құрам және 20-ға жуық техникасы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарының авариялық қызметтері де жұмыс атқарды. Қазіргі таңда қалалық энергетика қызметінің күшімен электр жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алғашқы 1000 абонентке электр қуаты берілді. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл табиғи жағдай, қазіргі таңда барлық коммуналдық қызметкерлер ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Тазалық жұмыстарына жауапты «ЛТД Тұрмыс», «Бәйтерек ЛБ» серіктестігінің жұмысшылары қардан аршу, көшелерді тазалау жұмыстарымен айналысуда.

842 қаралым