Шымкент қаласындағы ең ірі «Самал» базарына келіп кетушілер көп. Әрдайым көлік кептелісі орын алады. Карантин кезеңін пайдаланып бүгінде мұнда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Самал» базарына барар жол бойының қос қапталындағы аяқжолдар мен суағар латоктардың арасында ашық жерлерді жасыл желекпен көмкеруді тапсырды. Жол құрылысы сапасын барлық талаптарға сай жүргізу үшін құрылыс басында күнделікті бақылаушылар сараптама жүргізіп жатыр. Оған қоса сол «Самал» шағынауданының тұрғындарын тікелей құрылысты қадағалап тұруға шақырды.
Жарияланды: 17.04.2020