Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында тазалық шаралары қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы тазалық жұмыстарына «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і жауапты. Қайнар бұлақ тұрғын алабын толықтай тазалау шаралары жүргізілуде. Бүгін № 125 — ші мектепке апаратын тас жолда тазалау жұмыстары атқарылуда. Тазалықшылар көше бойын қоқыстардан арылтып, тас жолды сыпырып жатыр. Тұрғындар көше бойларының ұдайы таза болуына жауапты мекемеге алғыстарын айтуда. Әлеуметтік желі арқылы да алғыс айтып жатқандар көп.
Жарияланды: 17.04.2020