Жарияланды: 17.04.2020

Құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі отандық

Қала әкімі Шымкент әуежайындағы жаңа терминал құрылысымен танысты. Мұндағы құрылыс бірнеше кезең бойынша жүруде. Барлық құрылғы заманауи үлгіде болады. Жолаушыларды өткізу және жүк қабылдау цифрлы түрде жүргізіледі. Одан кейін әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған. Мердігерлермен жүздескен қала әкімі жүк тасымалдаушы көліктердің жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі отандық. Сондықтан сапасы жоғары болады, деп атап өтті компания өкілдері.

750 қаралым