Жарияланды: 17.04.2020

Грант ұтып алды

Шымкентте кәсібін жаңадан бастап, табыс тауып қана қоймай, қала қазынасын молайтуға септігі тиіп жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі шоколад шығарумен айналысатын кәсіпкер – Жансая Ержанова. Оның қолынан шыққан тәттілер ерекше. Әсіресе жуырда саңырауқұлақ мен ірімшіктен шоколад жасап көпшілікке ұсынбақ. Жас кәсіпкер шоколад жасауды осыдан 5 жыл бұрын бастаған. Тынбай еңбектенуді ұнататын кәсіпкердің еңбегі ақтала бастады. Тапсырыстар көбейді. Кәсібін ары қарай өрістетуді мақсат тұтқан Жансая былтыр «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алды. Біршама бөлігін құрылғы сатып алуға жұмсады. Келешекте өзінің шағын кофейнясын ашу жоспары бар. Әлеуметтік парақшалар арқылы тапсырыс қабылдайды. Күннен күнге ұлғайып келеді тапсырыс берушілер. Шоколад өндірушілердің жаңалығын жібермей қадағалап отыратын Жансая шеберлік сабақтарын да жібермейді. Табиғи шоколад өндірісін ұлғайту мақсаты бар. Жас іскердің бұл да қолынан келері сөзсіз. Туған қаласын түлетуге жас кәсіпкер септігі тиетініне сенімді.

Бақытнұр Дәулеткелді

1 018 қаралым