2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде таңдалып алынған көне шаһардың тазалығы үнемі басты назарда. Шымкент жыл санап құлпырып, көркі көз тартар зәулім ғимараттармен толығуда. Қала тазалығын сақтау, тұрғындардың тазалыққа деген мәдени сауаттылығын арттыру бағытында жастар да тер төгуде. Жас буын қала көшелерінің айнадай болып, жалтырып тұруы үшін жаңа идеялар ойлап табуда. Сұлтан, Даниял, Мирас есімді үш жеткіншек болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды буын. Ұдайы идеялар байқауына қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді. Биылғы жыл басында идеялар фестивалінде қатысқан болатын. Үшеуі бірігіп, жаңа қызмет түрін жүзеге асыруды бастаған болатын. НЗМ-нің мақтаныштары «мақсатымыз – қала тұрғындарын тазалыққа баулу арқылы мәдениетін арттырып, экологиялық ахуалды жақсарту. Қоқыс жәшіктеріне жетпей қалдықтарды тастап кететін тұрғындар көп, ал арнайы ыдыстар үнемі толып жататынын байқап жүрдік. Кейін келе осы мәселені шешу үшін жаңа қызмет түрін ұсынуға көштік. Нұрсәт шағынауданындағы тұрғын үйлердің тұрғындарымен келісе отырып, бір мезгіл қоқыстарын алып кетіп отырамыз» дейді жастар. Әзірге карантиндік режимге байланысты жоба уақытша тоқтап тұр. Карантин біткен соң жобаны қайта қолға алмақ. Олар қала тазалығына өз үлестерін қосып, тұрғындардың мәдени сауаттылығын арттыруға де септеспек.
Жарияланды: 20.04.2020