Жарияланды: 20.04.2020

Міндеттерін ойдағыдай атқаруда

Күшейтілген карантин уақытында шымкенттік коммуналдық сала қызметі жұмысын қарқынды жүргізуде. «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің сары жейде киген қызметкерлері Абай ауданы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Бүгін Ұ.Арғынбеков көшесінің ұзына бойын тазалап шыққан жұмысшылар түс ауа гүл отырғызуға көшті. Бір топ жұмысшылар Қ. Рысқұлбеков көшесі бойына гүлдерді отырғызуда. Абай саябағының бойындағы кілем іспеттес әсем өсімдіктер көшенің көркін ғана емес шаһардың келбетін ажарландыра түскен. Гүлдерді мерзімінде суғару,  дәрілеу,  түбін қопсыту жалпы күтімі «ЛТД Тұрмыс» мекемесіне жүктелген. Коммуналшылардың бұл міндетті ойдағыдай орындап жүргеніне төтенше жағдай біткенде тұрғындардың өздері куә болмақ. Айнала құлпырып, қызылды жасылды гүлдерден көз тұнады.

760 қаралым