Жарияланды: 20.04.2020

Тазалыққа үлес қосатындықтарын айтты

Эпидемиялық төтенше жағдай кезінде балалардың талантын, өзін-өзі танытуын, уақытын қызықты, көңілді және ұйымшылдықпен өткізуін ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласындағы  Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының көркемсурет кафедрасының ұстаздары Ақлима Мырзашова, Балжан Бизақова жəне Динара Тастанбекова «Көктем мезгіліндде» , «Ғарыш әлемінде» тақырыптарында сурет салу байқауын ұйымдастырды. Оқушылар төзімділік пен тазалықты, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті бір ғана суретпен жеткізе білді. Бала қиялымен көктем мезгілі мен ғарыш әлемін суреттеген керемет көрме онлайн форматында өрбіді. Бұдан бөлек, тек сурет салып қана қоймай, оқушылардың табиғатты қорғау, айнала қоршаған ортаға деген құрметін арттыру мақсатында бейне-сабақ өткізілді. Өз кезегінде оқушылар туған қаласын таза ұстауға қандай үлес қоса алатындығын әңгімеледі.

1 693 қаралым