Жарияланды: 20.04.2020

Қамтамасыз ету басты жоспарда

Төтенше жағдайға қарамай Шымкенттегі ауылшаруашылығы саласында жұмыс қызып тұр. Қолда бар техникалардың 90 пайыздан астамы көктемгі дала жұмыстарына кіріскен. Сонымен қатар карантин кезінде қала базарларын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету басты жоспарда. Қала аумағындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер 62 600 гектар. Оның ішінде 39500 гектар егістік, 11 мыңы суармалы алқап. Дәнді дақылдар егілетін жер көлемі биыл  мың гектарға артып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Шаруалардың ісін ілгерілетуге мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген. Минералды тыңайтқыштарға 105 млн. теңге қаралған. Көктемгі дала жұмыстарына 500 млн. теңге несие бөлініп жатыр.  Төтенше жағдай кезінде қойылған мегаполистегі блок бекеттер шаруалардың жұмысына кедергі келтірмейді. Себебі осы сала қызметкерлерінің мәліметтері базаға ендірілген. Сонымен қатар азық-түлік жеміс жидек тасымалдаушыларға қалаға кіріп шығуға рұқсат берілген. Себебі карантин кезінде қаланы азықпен толық қамту басты назарда. Қазіргі жағдайға байланысты бүкіл бекеттерге 3 200 шаруа қожалығының тізімдері берілген. Жылыжайда жұмыс істейтін аудан тұрғындарының қатынауына жағдай жасалған. Шымкентте түлік  басы да артқан. Сиыр 2,4  қой-ешкі 3 пайызға  көбейген. Егесіз ит — мысықты аулауға 130 млн теңге бөлініп 3 айда 12 мыңнан астам  үй жануары ауланған.

882 қаралым