Карантин кезеңінде табысынан айырылған адамдар да назардан тыс қалмады. Солардың бірі Шымкент қаласы Абай ауданы «Құрсай» шағынауданының тұрғыны Айман Керімбайқызы. Айман Керімбайқызы үш баланың анасы. Бала күтімімен демалыста отырған ол төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем 42 500 теңгеге өтінім қалдырып, көмекке ие болды. «Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, қалада карантин жарияланған кезде бұл қаражаттың берілгені расында біз секілді отбасыларға көмегі тиді. Қолда барды қанағат тұтып, қиын-қыстау кезінде қиындықтан шыдамдылықпен бірлесіп, тәртіпке бағынып, шықсақ деймін. Қазір теледидар, әлеуметтік желі арқылы елімізде болып жатқан әрбір жаңалықты жібермей көріп отырмыз. Президентіміз, Шымкент қаласының билік өкілдері тарапынан жасалып жатқан игі істердің барлығынан хабардармыз. Отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз», – дейді Айман Керімбайқызы.
Шымкент кәсіподақ филиалы