Жарияланды: 22.04.2020

Игі шаралар көпшілікке үлгі болса…

Шымкенттегі «Senim» салалық кәсіподағының қалалық филиалына қарасты 34 мекемеде еңбек ететін 130 медицина қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді. Бұл купондарға «Метро» сауда үйінен азық-түлік алуға болады.
– Бұл қайырымдылық шараларына кәсіподақтар бірлестігі қорының қаржысы жұмсалды. Ол қаражат, ең алдымен, білім беру, денсаулық сақтау, банк ұйымдары сияқты түрлі салалық кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің жарнасынан жиналған. Бұған қоса «Senim» кәсіподағы мен кәсіподақтың бірқатар мүшесі қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп, өз тараптарынан да қаржы қосты. Осылайша, «Көп түкірсе, көл болатынына» тағы да көз жеткіздік, – дейді Берік Айдарбекұлы. «Кәсіподақ ұйымдарының бірлестігі қандай кезде де көпшілікпен бірге екенімізді білдіргіміз келеді. Жуырда Шымкент қаласында – 50, Түркістан қаласында 50 отбасына азық-түлік жеткізіп бердік. Оған қоса үшінші мегаполисте – 2000, облыс орталығында 1000 бетперде тараттық. Бұлардан бөлек жүзеге асырып жүрген қайырымдылық акцияларымыз жеткілікті. Ең бастысы — игі шаралар көпшілікке үлгі болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созатындар көбейсе! – деген Берік
Айдарбекұлы қайырымдылық көрсетудің негізінде иісі мұсылманға тән «Оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» деген ұстаным жатқанына баса назар аударды.
Айта кету керек, коронавирус пандемиясы кезінде кәсіподақ ұйымдарына қарасты ғимараттар вирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған госпиталь ретінде ұсынылған. Ол ғимараттардың қатарында Қызылордадағы «Жаңақорған», Алматыдағы «Көктем» шипажайлары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы тарихи «Турист» қонақ үйі де бар.

 

«Шымкент келбеті»

 

811 қаралым