Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. Аудандағы 404 көшеге және 672 көпқабатты үйдегі 2 244 кіреберістерінің барлығына дезинфекция жасалған. Залалсыздандыру жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылып жатыр. Сондай-ақ, ауданда 192 контейнер алаңшаларындағы қоқыс қалдықтарын тасымалдайтын үш мекеме бар — «Арнайыавтокөлік» (САТ) ЖШС – (Сәуле, Забадам ш/а.); «ЭкоСпецТранс» ЖШС – (Отырар, Айқап ш/а.); «ОрионНовТех» ЖШС – (Орталық аймақ). Осы мекемелер тұрғындармен келісім-шарт негізінде қоқысты қалалық полигонға шығару жұмыстарын күнделікті жүргізеді және дезинфекциялайды. Қала тазалығы үшін осылайша ілкімді істер атқарылуда. Бүгінде аудан аумағында азық-түлік сататын 3 базар — «Қырғы базар», «Акбар» және «Қазыбек» базары жұмыс істеуде. Сондай-ақ 7 ірі сауда үйі, 463 кіші азық-түлік дүкендері, 204 дәріхана, 48 жанар-жағармай бекеттері, 58 екінші деңгейлі банк филиалы, 137 асханалар үйге дейін жеткізіп беру жүйесімен қызмет атқаруда. Тұрғындарға бірінші кезекте қажет ететін 9 тауардың тізімі анықталып, олардың шекті бағасы бекітілген. Осыған орай, аудандағы 463 дүкеннің 221 дүкеніне шекті бағадан асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деді аудан әкімі.