Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді. «Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалынған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар қосу арқылы оның құрамы кішкене өзгерді. Қазір екі түрде шығарылуда. Біріншісі, жеке пайдалануға арналған антисептиктер. Екіншісі, 5 литрлік ыдыстарға яғни, санитайзерлерге құйылатын сұйықтықтар», дейді ОҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов.
Шымкентте шығарылған антисептик теріні тітіркендірмейді. Қайта терідегі жарақаттың жазылуына әсер етеді. 50 мл. шағын құтыларға құйылған антисептик азаматтардың өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы.
Бүгінде жергілікті зертханада дайындалған антисептиктер жатақханаларда тұратын студенттер мен университет қызметін қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге таратылып берілген.
Айта кетейік, ОҚМУ ғалымдары әзірлеген антисептикалық спрейдің құрамы Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелерге сай дайындалған.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы