Жарияланды: 25.04.2020

Арнайы техника көмегімен тазартылуда

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Залалсыздандыру шаралары күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәулігіне қаладағы 13,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылуда.  Жолдарды залалсыздандыру жұмыстары арнайы көліктердің көмегімен іске асса, аяқжолдар, аялдамалар, саябақ және сауда орындарының маңайы арнайы техника көмегімен тазартылуда. Бұл бір жағынан қала тазалығына да септігін тигізуде. Сондай-ақ, қала орталығынан алыс орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы орамішілік көшелерді залалсыздандыру бойынша да жұмыстар күшейтілді. Күн сайын 20 сервистік компанияның 600-ден астам қызметкері контейнерлердi, аула алаңдары мен кіреберістерді дезинфекциялауда. 

 

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

743 қаралым