Жарияланды: 27.04.2020

Тұрғын үйлер түгелдей тазаланады

Шымкенттегі Әл Фараби ауданы қаладағы ең ірі аудан саналады. Аумақта тазалық жұмыстарына көптеп көңіл бөлінеді. Бүгінде «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмысшылары арнайы көлікпен көшеге су шашып, сыпырып шықты. Одан бөлек, аудандағы  көп қабатты тұрғын үйлер жаппай залалсыздандырылып жатыр. Мамандар жертөлелерден бастап аулаларға дейін дәрілеп, қауіпті індеттің таралуын алдын алды. Тәуке хан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер түгелдей залалсыздандырылды. Мобильді топ аптасына бір рет мұнда аулалардан бастап жертөлелерге дейін дәрілеп отырады. Зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары да қатар жүргізіліп келеді.

Әл Фараби ауданында 700-ге жуық көпқабатты тұрғын үй мен 15 мыңнан астам жеке баспана бар. Мамандар оларды кезегімен дезинфекциялап отырады.
Жұмысшылар қоғамдық орындар мен саябақтарды, аялдамаларды, аяқжолдарды залалсыздандыруға​ жұмылдырылған.

910 қаралым