Жарияланды: 27.04.2020

Жол таңбаларын сызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласында көлік саны жыл жылжыған сайын көбейіп келеді. Соған орай, көлік кептелісі де жиі орын алады. Соның алдын алу мақсатында бағдаршам қою, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырмасы бойынша қаланың магистралдық көшелерінде жол таңбаларын сызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда қаладағы ең үлкен әрі көлік көп жүретін Бәйдібек би даңғылында жол таңбаларын сызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған даңғылда көлік көп жүреді әрі кептеліс те жиі орын алады. Әрі 8 жолақты Ұ.Арғынбеков көшесімен, Қ.Төлеметов көшесімен қиылысады. Бәйдібек, Созақ аудандарына шығатын негізгі көше болып табылады. Қала сыртындағы шағынаудандарға да осы даңғылмен қатынайды. Даңғыл бойындағы зообақ маңында жаяу жүргіншілер үшін арнайы сары және ақ жолақтармен боялды. Жүргізушілер үшін алыстан көзге шалынатын жолақ әрі қауіпсіз де.

Қуаныш Дәулетқали

 

 

901 қаралым