Жарияланды: 27.04.2020

Ескерткіш-мүсіндер жетіп артылады

Бүгінде қала қызғалдаққа тұнып тұр. Қызыл-жасылды, сары, алқызыл түсті қызғалдақтар Шымкенттің қай бұрышында болмасын көздің жауын алып, жайқалып тұр. Қызғалдақтың отаны саналар Шымкентте қығалдаққа арналған ескерткіш-мүсіндер жетіп артылады. Алып қызғалдақ субұрқағы қаланың қақ ортасында орналасқан. Шымқаланың логотипіне қызғалдақтың таңдалып алынуы да тегін емес. Ал дендросаябақта «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы қойылған. Көктем келгенде алғаш қауыз жаратын қыр гүлінің әсем мүсіні расында көз тартарлықтай. Бір уыс дала қызғалдағын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Әдемі мүсін алқызыл дала қызғалдақтарының алғаш рет күнгейде пайда болғанын меңзейді. Бүгінгі күні мүсін аумағында «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» тақырыбын кеңінен 3 тілде баяндап беретін арнайы QR-тақтайша қойылған.
Инсталяция аумағында қызғалдақтың сан түрінен 2000-ға жуық түп гүл отырғызылған. Дендросаябақ аумағындағы қызғалдаққа арналған ескерткіш жауапты мекеме тарапынан күтімге алынған.

Қуаныш Дәулетқали  

1 851 қаралым