Жарияланды: 27.04.2020

Туризм экономиканың бір тармағы

Шымшаһарда 116 қонақ үй, 10 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 18 аквапарк және 6 табиғи су қоймасы орналасқан.
Қаланың 20 туристік көрікті орындарында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ақпарат беретін QR-тақтайшалар орнатылды және IZI travel халықаралық туристік платформасында 3 тілде 32 нысанның аудиогиді әзірленген. 2GIS мобильдік қосымшасында туристік нысандар мен қалалық бағыттар туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, «Ескі қалашық» туралы VR, AR бейнеүзіктер әзірлеуге өтінім берілді. Роликтер туристер арасында танымалдылыққа ие болған жағдайда, бұл бағыттағы жұмыстар басқа нысандар бойынша да жүргізілмек. Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін Шымкент қалалық туризм басқармасы тарапынан «Шымкент қаласында 24 сағат», «Тарих ізімен», «Шымкент балаларға» тақырыптарында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карта, «Шымкент қаласындағы үлкен экскурсия» атты 350 кітап шығарылды. Бұл материалдар қаланың туристік индустрия объектілерінде (қонақ үйлер, СОО, әуежай) орналастырылған және басқармамен жаңартылып отырады. Қала тұрғындары мен қонақтарын өңірдің туристік нысандарымен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде Visit_shymkent_kz ресми туристік парақшасы іске қосылды. Әлеуметтік желіде 7 000-нан астам оқырманы бар және қаланың туристік көрікті жерлері, тарихи орындары мен қалада өткізілетін мерекелік іс-шаралар туралы үнемі хабардар етіліп тұрады.

«Шымкент келбеті»

 

943 қаралым