Жарияланды: 27.04.2020

Сегіз саябақты күтімге алған

Шымкенттегі саябақтар — бұл қаланың «өкпесі» ғана емес, сонымен бірге адамдардың бос уақытын өткізуге, демалып, табиғатты тамашалай алатын орын. Бүгінгі таңда Шымкенттегі көптеген саябақтарға күтім жасайтын басты компания — «Шымкент Жасыл қала» ЖШС-і. Серіктестік  саябақтар мен алаңдардың аумағын абаттандыруға жауап береді: бұталар мен ағаштар, көгалдар, гүлзарлар отырғызады, сонымен қатар олардың аумағын абаттандыруды қамтамасыз етеді. «Шымкент Жасыл Қала» серіктестігінің қандай ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандығы цифрлар айғақтайды. Биыл серіктестік сегіз саябақ пен 37 алаңдар мен аллеяларды, сондай-ақ ондағы ескерткіштерді күтімге алған. Жыл бойына қаланың саябақтарында 400-ге жуық жұмысшы мен 30-дан астам техника жұмыс істейді. Орындалған жұмыс көлемі орасан зор. Бұл 733000 шаршы метр тротуарлар мен аумақтарды тазарту, қоқыс полигонына қоқыс шығару болып табылады.

Қуаныш Дәулетқали

832 қаралым