Шымкент қаласында бүгінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ тұрғын алабында №25 мектепке баратын №3 жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылуда. Құрылысты «Север-Юг Универсал» ЖШС-і жүргізуде. «Күре жол экономиканың бір көрсеткіші» дегендей бүгінде үшінші мегаполистегі жолдардың басым бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы шеткі шағынаудандардағы жолдарға дейін жөндеуден өткізілуде. Мамандар Қайнар бұлақтағы аталған жол құрылысы биылғы жылдың мамыр айының аяғында бітеді деп отыр.
Жарияланды: 28.04.2020