Жарияланды: 28.04.2020

Күре жолдардағы күрделі жөндеу…

Бүгінде Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Күн жылысымен жоспар бойынша қойылған жолдарды жөндеу басталып кетті. Облысаралық жолдардан бөлек, қаладағы ішкі орам жолдары да жөндеуден тыс қалмайды. А- 2 автомобиль жолы қайта жаңартылуда. Сәуір айының 29 –нан басталатын жол жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Қ.Төлеметов көшесі яғни, ескі қалалық полигоннан бастап Темірлан тас жолына дейін яғни, «Алаш» базарының маңына дейін жөндеу жұмыстары басталмақ. Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының тапсырысымен жүзеге аспақ. Осыған орай көлік қозғалысына шектеу қойылмақ.

952 қаралым