Жарияланды: 28.04.2020

Әлеуметке жағдай жасалуда

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында 24 елді мекен 250 мыңға жуық тұрғын бар. Барлық елді мекендер мен шағынаудандарға тазалық шаралары жүргізілуде. Қала тазалығына жауапты мекеме шағынаудандар мен елді мекендерде тазалауда. Бұдан бөлек, көп қабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда. Әскери қызметкерлден 40, арнайы 10 техника жұмыстарын атқаруда. Ауданда үлкен базарлар орналаспаған, алайда шағын елді мекендегі базарлар толығымен жабылды. Әлеуметке түрлі қайырымдылық акциялары арқылы көмек берілуде.  «Біз біргеміз» акциясы бойынша шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындарға50 мыңға жуық бетперде таратылса, азық түлікпен алты мыңнан астам отбасы көмек алды. Қазіргі таңда, қосымша тізім жасақталып тиісті орындарға жолданды. Алдағы уақытта әлеуметке жасалатын көмек көлемі де арта түспек. 

1 012 қаралым