Жарияланды: 08.07.2018

Екі тарап болашақ ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады

Бүгінде Түркістан облысындағы индустриалды аймақтаға шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Жуырда ғана Испанииялан ірі компаияның басшылары келіп кеткен болатын. Енді солардың аяғын ала венгрліктер индустриалды аймаққа табан тіреді. Венгрия мемлекетінің Бас Консулы Юдит Ланг маусымында Қазақстан Республасының Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» Индустриялық Аймаққа іс-сапар аясында келді. Сапар шеңберінде Консул, басқарушы компанияның қызметімен, индустриялық аймақтардың қызметі мен инвестициялық мүмкіндіктерімен және индустриалды аймақтақтың қатысушыларының өнімдерімен көрме орталығында танысып шықты. Бүгінгі күні индустриалды аймақта кәсібін өрге өрлетіп отырған кәсіпорындардың көптігіне таң қалды. Әрі оларға индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы көптеген көмектер беріліп, көптеген жеңілдіктер жасалып отырғанына таңырқасты. Бұл бір ғана индустриалды аймақ, облыс орталығында тағы да үшеуі, ал аудандарда да көптеген индустриалды аймақтар бар екендігіне бас шайқасты. Сонымен қатар, Бас Консул металл-пластикалық және алюминийлік терезелер мен есіктерге арналған аксессуарларды өндіретін «WDA компаниясы», сондай-ақ табақ шыны бұйымдарын өндіретін «Фирма Дана» зауытының жұмыстармен танысты. Сапар аясында, екі жақтың тараптары болашақ ынтымақтастықты нығайту және келешектегі мүмкіндіктерді талқыланды.

1 063 қаралым