Жарияланды: 30.04.2020

11 елдімекенге су құбырлары тартылады

Шымкенттің дамуына биыл 440 млрд. теңге бөлінген. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша бұл қаржы тұрғын үй құрылысы мен қалалықтар көтеріп жүрген коммуналдық мәселелер: коммуникациялар мен жолдарды салуға жұмсалмақ, деп хабарлайды «Отырар.кз». Биыл 11 елдімекенге су құбырлары тартылады. Көп жылдардан бері бұл шағынаудандардағы тұрғындарға ауыз су тасымалданып келген. 195 орамдағы тұрғылықты халықтың көптен бері коммуналдық мәселелері шешілмей келген. Ең маңыздылары- ауыз су және электр жарығы. Екі мәселе де осы жазда шешіледі деп уәде берді қала әкімі. Елдімекендегі тағы бір проблема жол мәселесі. Жаңбыр мен қар жауғанда жолмен жүру орам тұрғындары үшін қиындайтыны жасырын емес. Олар асфальт төсеп беруді сұранып жатқан жоқ. Тұрғындар коммуникация толық тартылғаннан кейін жол тегістелетінін түсінеді.

790 қаралым