Жарияланды: 30.04.2020

Онлайн сынып сағаттарын өткізді

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде білімгерлерге ұдайы танымдық, тәрбиелік мәні бар шаралар жиі өткізіліп тұрады. Күні кеше аталмыш мектепте 1-мамыр-Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігі мерекесіне орай, өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеуге, қаладағы мәдени және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған шара болып өтті.  «Бірлік пен келісім», «Бірлігіміз жарасқан, тәуелсіз ел Қазақстан!», «Қазақстандағы бірлік пен келісім» тақырыптары бойынша онлайн сынып сағаттарын өткізді.

1 093 қаралым