Жарияланды: 01.05.2020

Құрылыстың сапасына назар аударды

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты. «Әлем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды. Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтан да аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті.

804 қаралым