Жарияланды: 01.05.2020

Басты тақырып — «Бірлік пен келісім»

Шымкент қалалық білім басқармасы, Әл-Фараби ауданына қарасты №129 жалпы орта білім беретін мектебінде МАД тобы және 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері қашықтықтан 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Бірлік пен келісім» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаты оқушыларымыздың ұлтаралық достық қарым қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы үлес қосуға баулу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүргендерді дәріптеу мақсатында өткізілді. Тәрбие сағаты барысында Қазақстанды мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін татулықта жарасымды тіршілік кешіп келетіні, жүзі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарына құрметпетпен қарайтыны, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайтыны туралы айтылды.

1 946 қаралым