Жарияланды: 23.05.2020

Шымкент: 3793 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан

Қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айына дейін тұрақты жұмыспен 3793 тұрғын қамтылған.

Сондай-ақ, жастар практикасы бойынша уақытша жұмысқа 886 жас, қоғамдық жұмыстар бойынша 1339, әлеуметтік жұмыстарға 50 азамат орналасқан.

Ал, жұмыспен қамтудың жол картасымен 834 адам, басқа да жаңа жұмыс орындарымен 80 адам жұмылдырылған.

825 қаралым