Инновациялық бағытта білім береді

Түркістан облысына қарасты Шардара қаласындағы №16 колледж облыстағы мақтаулы оқу орындарының бірі. Өңіріміздегі бұрын соңды болмаған балық шаруашылығы мамандығы осында оқытылады. Сондай-ақ, мұнда былтырғы жылы 5 қабатты барлық жағдайы жасалған жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, шәкірттердің игілігіне тапсырылды. Студенттер білім алумен қатар, тәжірибе арттыруда да алда.Биылғы жылы колледжге «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы бойынша 150 студент оқуға қабылданған. Оқу бітіргенше олар жұмысшы және орта буын мамандығын алып шығады. Екі мамандық бойынша «Хамит» балық зауытында дуалды оқыту бойынша білім алуда. Аталған зауытта арнайы кабинет ашылған. Колледж басшылығы оқулықтармен, парта, құрал-жабдықтармен қамтыса, балық зауытының басшылығы бейнепроектормен жабдықтауға қол ұшын беріпті. Екі жақты меморандумның арқасында практикадағы студенттерді 100 пайыз жұмыспен қамтып отыр. Тәжірибеде жүргендерге қаржылай қолдау да көрсетуде.Зәкірхан Талбидин, Шардара қаласындағы №16 колледждің директоры: «Колледждегі барлық мамандықтар бойынша 773 баланың қатысуымен «Уорлд скиллис» жобасы бойынша жарыс өтіп жатыр. Ол үш деңгейде өткізілуде. Оның пайдасы оқушылардың практикалық білімі арта түседі. Оқу талабына сай маман дайындалады. Оқыту барысында мұғалімдердің де біліктілігі, білімі арта түседі. Оған дайындық көп ізденісті талап етеді». Колледж тәлімгерлеріне инновациялық бағытта білім береді.

«Отырар.кз»

31 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*