Жарияланды: 29.06.2020

Басты мақсат — инклюзивті білім беруді дамыту

Шымкен қаласының әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Утесинова «Адами капиталды дамыту» жобасы аясында «Инклюзивті оқыту жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында бейне конференция өтті. Конференция мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқу орындарында инклюзивті білім беруді қолдай отырып, арнайы сыныптар ашу арқылы инклюзивті білім беруді дамыту. Конференцияға ЖОО-ның «Дефекология» кафедрасынывң оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтары, жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, оқу ісі орынбасарлары, дефектологтар мен психологтар қатысты. Бейнеконференция жұмысы екі кезеңге бөлініп жасалды. Сұрақ-жауаптар мен пікір алмасулар болып, құнды пікірлер ортаға салынды.

943 қаралым