Жарияланды: 29.06.2020

Сертификат табысталды

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегіне ҰБТ-ы басталарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балл көрсеткіші бар сертификат табысталып, тестіден босатылды. Шымкент қаласы Білім басқармасының «Дарын» орталығы түлектерді шын жүректен құттықтайды. Олар: Әкімбай Диас, Шаназаров Аброрбек, Алишер Шерхан және Исағұлов Әбіш. 2020 жылғы ҰБТ-ы тапсырудағы жаңалықтардың бірі – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің балын ҰБТ-ы балына ауыстыру шкаласы енгізілді. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ-ы тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттар ҰБТ-ы балы ретінде көрсетіледі және сол сертификаттар арқылы грант беру конкурсына қатыса алады. Жоғарыда атап өткен №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегі халықаралық стандартталған тест тапсырып, бəрі де 700 балдан жоғары ұпай жинаған. Сол себепті оларға автоматты түрде ҰБТ-ның ең жоғарғы 140 балы берілді.

1 058 қаралым