Жарияланды: 02.07.2020

Күндізгі стационар емдеу шараларын жүргізуде

Шымкентте №11 қалалық емханаға қарасты 4 елдімекен бар. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қазір Қазығұрт шағынауданында — 6 төсек-орын, Сәуле шағынауданында — 4, Ақжарда — 3, Ақтаста — 2 орындық стационар ашылды. Барлығы -15 төсек-орын күндізгі стационар жұмыс істеуде.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарлы ауруханаға жататын аурулар және кеңестер уақытша тоқтатылып, дәрігерлер пневмония және ЖРВИ мен ауырғандарға ем-дом шараларын жүргізуде.

Қосымша мобильді топ құрылды. Олардың құрамында хирург, терапевт, травматолог, неврапотолог, ЖТД, педиатр және медбикелер бар.

Үш автокөлік және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған мамандар үйге шақырту және актив жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолында да түрлі іс шаралар атқарылуда. 

Сонымен қатар, Қазығұрт шағынауданы аумағындағы №86 мектепте 300 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Қазіргі таңда онда 25 науқас ем қабылдауда.

 
758 қаралым