Жарияланды: 02.07.2020

Шымкентте қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды

 

Шымкент қаласында қосымша 3 ПТР зертханасы ашылды. Зерттеу саны тәулігіне 800 тестке дейін жеткізілді. Бүгінде «ОЛИМП» зертханасының ПТР инсталяциясы жүргізілуде, бұл тестілеу көлемін күніне 1 600-ге дейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетерлігі, сәуір-маусым айларында барлығы – 71 548 сынама алынды.

Соңғы кезде вирустың белең алуына айланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 502 млн.теңге бөлінді. Инфекциялық және провизорлық стационарлар үшін 21 ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары қосымша сатып алынды. Сондай-ақ, 10 күннің ішінде 40 ӨЖЖ (ИВЛ) аппарат жеткізіліледі деп күтілуде. Мұның барлығы да медицианлық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаруалардың бір парасы ғана. 

Демеушілер тарапынан 200 Бобров аппараты сатып алынды, қосымша компьютерлік томографтардың жеткізілуі күтілуде.

Коронавирустың жеңіл формасымен ауырып жатқан науқастарды бақылау үшін модильдік топтар құрылды. Барлық мобильді топтар бөлек көліктермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал басқа функционалдық міндеттерден босатылған.

950 қаралым