Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде «RaiINTEX» компаниясының тігін филиалы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 120 000 арнайы форма (ІІМ) тігуге қауқарлы. Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 80 млн. теңгені құрайды. Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Сайрам ауданының әкімдігінің өкілдері өндіріс орнында болып, кәсіпорынның ресми ашылуына қатысты. Аталған инвестициялық жоба барысында 110 жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта ...
Читать далее »Экономика
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» ТАБЫС ТАБА БАСТАҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. Табыс табудың тағы бір жолы ретінде жүзеге асып жатқан жаңа жоба Түлкібас ауданындағы Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде енгізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, шаруасын ұлғайтқан кәсіпкерлермен кездесті. Мемлекеттік қолдау аясында жеке кәсіпкер атанған Қалдарбекованың Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялаудың қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды. Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық ...
Читать далее »КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗАУЫТ ЖЫЛЫНА 38 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ
Бүгінде Келес ауданында шағын кәсіпкерлікпен қатар ірі бизнес саласын дамытуға басымдық берілуде. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Алдымен Абай ауылындағы «Мерген Н» ЖШС-ң минералды сусындар мен алкогольсіз шәрбат өнімдерін өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Қазіргі таңда өндіріс орны 31 адамды жұмыспен қамтып отыр. Онда сағатына 2 500 дана бөтелкеде ...
Читать далее »Д.САТЫБАЛДЫ: «МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ»
Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. — Жергілікті әкімдердің алдында тұрған басты міндет – жаңа ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН ТӘУЛІГІНЕ ТӨРТ ТОННА ҚИЯР АЛАДЫ
Түлкібастағы Жаскешу ауылының тұрғыны Назира Телгозиева 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға ...
Читать далее »ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ
Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. ...
Читать далее »Түркістан: Мақта саласындағы өзекті проблемалар шешімін табуда
Түркістан облысы климаты жылы болғандықтан ірі өндірістік кәсіпорындарға қарағанда ауылшаруашылығы саласы жақсы дамыған аймақ. Соның ішінде ақ алқапты мақтаның орны бөлек. Жалпы, оңтүстікте мақта шаруашылығымен айналысатындар саны 25 мыңнан асып жығылады. Мақта мәселесі жыл он екі ай күн тәртібінен түскен емес. Бағаны көтеру, субсидия беру, терең өңдеу кәсіпорындарын ашу сынды шаруалардың ұсыныс-тілектері облыс әкімдігінің басты назарында. Шаруалардың жағдайларын жақсарту және ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы бірнеше құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Алдымен жасанды көлі бар қалалық саябақта болды. Бүгінде мұнда жұмыс қарқынды. Жасанды көлге су жіберіліп, үстіндегі көпірі салынған. – Бұл саябақ туризмді дамытуға серпін береді. Саябақтағы нысандарды бояу барысында түрлі түстерді қолданған жөн. Сәулетшілермен ақылдасып, балаларды, жалпы жұртшылықты қызықтыратындай бояулармен көмкеріңіздер. Қауіпсіздік мәселесі де назарда болуы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТАР САЛЫНАДЫ
Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары қадағаланып, ретке келтіріледі. Малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Сонымен бірге малдың қанын, сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыттар ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылына арнайы барып, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Санитарлық салаға жауапты мекемелер мен ...
Читать далее »