Әлеумет

Мешіттер мекені

Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік. Бейшеһер — Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар. Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 метр. Әрқайсысының диаметрі 40 см ...

Читать далее »

Стамбұлдағы Қыз мұнарасы қайта ашылды

Стамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз мұнарасы күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Стамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде ...

Читать далее »

100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Төлеби ауданы, Ленгір қаласында ауыз судың дебетін ұлғайту мен сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылы «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысы басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. ҚР Ұлттық қорынан қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекерме арқылы 2200 м3 резервуар құйылып, ауыз суды тазарту станциясы салынды. Нысан басына су ...

Читать далее »

ТҮРКИЯДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕРЛЕР

Түркия – әлемдегі туризмі озық дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қалаларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірі тарихи жерлерімен мақтанса, енді біреулері шетелдіктерді ұлттық тағамдарымен баурайды. Жұмыс барысымен Ыстанбұл, Едирне, Бурса, Биледжик шаһарларына ат басын тіредік. Айя София мешітін тамашалап, 15 ғасырдан астам уақыт бұрын салынған Базилика Цистернасын көрдік. Бұл Ыстамбұлдың тамаша тарихи нысандарының бірі.  Айя Софияның оңтүстік-батысында орналасқан қаланың ең үлкен жабық ...

Читать далее »

Шымкентте 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалды

 Бүгін №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.   Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және ...

Читать далее »

АЛМАТЫДА БІРІНШІ НЕОНАТАЛЬДЫ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Алматы қаласында Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханалардажұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды. Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқындытерапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде ортамедицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді. Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер–гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы ортамедициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс–шара. «Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова. Екі күн бойы бірінші Неонаталдық медбикелердіңхалықаралық форумының спикерлері медициналық күтімге байланысты жаңа туған нәрестелерде инфекциялардың алдын алу, неонаталдық бөлімшелерде күтім сапасын жақсарту, жаңатуған нәрестені аспаптық зерттеулерге дайындау, жаңа туған нәрестелердің витальдық функцияларының жай–күйіне мониторинг жүргізу, неонатология бөлімшелерінде ортамедицина персоналының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісетін болады.  Конференцияның шетелдік қонақтары нәрестелер өлімі мен мүгедектік деңгейінің төмендеуіне байланысты өз елдерініңнеонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып береді. «Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен перзентханаларындағы орта медицина персоналына түсетін жүктемеге өте үлкен. Қазіргі уақытта реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіндегі бір неонаталды медбикеге 6 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір медбикеге бір жаңа туған нәрестеге тең. Бұл үлкен физикалық және эмоциялық күштену ел үшін маңызды сәбилер өлімі мен мүгедектігі деңгейіне тікелей әсер етеді. Нәресте өлімінің деңгейімен елімізде барлығы салыстырмалы түрде – көрсеткіштер ДДҰ белгілеген нормалар шегінде. Ал балалардың мүгедектік көрсеткіштері артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектікке шалдыққан балалардың саны 100 000-нан асты, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Біз балалар мүгедектігінің өсуін, оның ішінде неонаталдық қызметтегі орта медицина персоналына жүктелген ...

Читать далее »

«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті. Байқау барысында тұлғалардың ғұмыры мен еңбектерін насихаттаудағы мәліметтер талданып, шығармашылық тұлғасы жан-жақты ашылып, көздеген мақсатымыз орындалды. Алматы қаласындағы 30 мектептің ішінен, ең үздік 5 мектеп танылып, бақ сынасты. 7-8 сынып оқушылары жақсы дайындықпен келіп, ақшалай жүлдемен марапатталды. Шара соңында әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан төрінде облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылған болатын. Фестиваль аясында үш күн бойы Төлеби ауданының мәдениет күндері өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін паш етті.   Алғашқы күні Этноауылда «Ұлт қазынасы» атауымен асық ату, ләңгі ойнау, арқан тарту, кір тасын көтеру, т.б. ұлттық, спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылған болатын. Содан соң ақындар айтысы, ...

Читать далее »

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шымкенттегі N1 емхананың жұмысымен танысты

Бүгін Шымкентке жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қаладағы бірқатар медицина ұйымдарын аралап, жұмыстарымен танысты. Алдымен қалалық онкологиялық орталығында ашылған ядролық орталығында болды. Заманауи технологиялық аппараттар қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, науқастарға шұғыл, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Соңғы 4 жылда онкологиялық орталықта 2 мыңға жуық науқасқа түрлі деңгейдегі эндоваскулярлы оталар жасалынды. Кіші инвазивті операциялардың науқас ...

Читать далее »