Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің серіктестігі бүгінде өнім өндіру көлемін арттырып келеді. Алып зауыт алыс және жақын шетелдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырып отыр. Еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағларламасы аясында мемлекеттік қолдау барысында жүзеге асқан кәсіпорын – машина жасау саласында алдыңғы қатарда тұр. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған. «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық ...
Читать далее »Месячные архивы: Июнь 2018
Баламалы энергия көзі ұлғайтылуда
Түркістан облысындағы 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданы енді 5 жылдан соң тек өздерінде өндірілген электр қуатын тұтынатын болады. Қазір аймақта баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты 7 ауқымды жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, Сайрамсу және Қасқасу өзендерінің бойынан 6 шағын су электр станциясы бой көтеруде. Оның ішіндегі бір станциясының құрылысы тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын ...
Читать далее »Отандық шикізатты пайдаланады
Кезінде жеңіл өнеркәсіп саласының құрдымға кеткен кездері де болған. Бүгінде шүкір бұл саланың бойына қан жүгіріп, тамырын тереңнен тартып келеді. Түркістан облысында еліміз бойынша тұңғыш әрі жалғыз мақта-тоқыма кластері жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорын индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отыр. Мақта өсіру, иіру, тоқу, бояп-өңдеу және тігу сияқты бүкіл жұмысын қамтитын жалғыз тоқыма комбинаты – «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіоблыстағы іргелі кәсіпорындардың біріне ...
Читать далее »Енді меже — экспорт
Түркістан облысындағы «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС өткен жылдың қаңтар айынан бастап өз өнімдерін өндіре бастаған . Құрал жабдықтың басым бөлігі шетелден әкелінген. Серіктестік мамандары алдымен маркетингтік зерттеу жүргізген. Темір-бетон бұйымдарының 114 түріне сұраныс жоғары екені анықталған. Бүгінде серіктестікте осынша түрлі бұйымдар шығарылады. Мамандар сапаға баса назар аударады. Соның нәтижесінде де зауыт өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Облыстағы ірі ірі кәсіпорындар ...
Читать далее »Жеңілдіктің тигізер көмегі көп
Өндірісі өрлеген, экономикасы дамыған Түркістан облысы үшін енді өз алдына дербес бөлініп шыққаннан кейін дамудың дәуірі басталатын анық. Онсыз да өндіріс орындары экономиканы өрлетуге қарышты үлес қосып отырған болатын. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» индустриалды аймағында 85 кәсіпорын орналасқан. Олардың 51-і қазіргі уақытта нақты өнім шығарып жатыр. Биыл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны тағы үшеумен толықпақ. Индустриалды аймақтың кәсіпкерлерге ұсынатын жеңілдігі: біріншіден, ...
Читать далее »Өнім сапасы сертификатқа сәйкес
Түркістан облысында керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны бар. Мекемеде 140 қызметкер автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді. Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ. Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға ...
Читать далее »Заманауи құрылғылармен жабдықталған
Оңтүстікте шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін пайдалану көзделіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баршаға белгілі, бүгінде «Еврокристалл» серіктестігі шыны ыдыстар шығару ісімен танымал. Ондағы өндірілетін өнімдерді алкогольдік және газдалған сусындар мен шырындар, сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолдануға мүдделі. Мұнда түрлі қалыпта ...
Читать далее »Инвестициялық жобалар іске аспақ
«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» компанияның табысы осы жылдың 6 айында 83,1 млн теңге болған. Осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, корпорация бүгінгі таңда үш кезеңді — реинжиниринг, қайта құрылымдау және қайта құру өзгерістерінен өтуде. Осынау шаралардың аясында кешенді оңтайландыру жүйесін іске асыруды жалпы талапқа сай ұйымдастыру, басқаруды жақсартудың даму стратегиясын ...
Читать далее »Өтімді өнімге 20-дан астам ел тапсырыс беруде
Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-гі бүгінде кілем өнімдерін сату үшін алыс және жақын шетел өкілдерімен байланыс орнатқан. Енді фабрика басшылары таяуда Еуропадағы әріптестік байланысты нығайтып, текстиль өнімдерін Қытай нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталады. Ірі шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан астам. Кәсіпорында кілем, ...
Читать далее »Түркістан облысының өнімі Еуропада
Жыл басынан бері Түркістан облысындағы кәсіпорындарының экспортқа шығарған өнімдерінің құны 700 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшылығы мәлімдеді. Осыған дейін Түркістан облысының өңірінен экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, бұл тізімді енді ортопедиялық құрал-жабдықтар, кілемдер мен жаңаша жасалған плиталар толықтыруда. Түркістан облысындағы индустриалды аймақтағы кәсіпорында шығарылатын бір ғана вакуумдық ...
Читать далее »