Ежедневные архивы: 08.09.2018

Экспорттық серіктестер алпауыт елдер

Түркістан облысының  сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында 928 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн. АҚШ долларына өсіп отыр. Сондай-ақ, тауарлардың экспорты 37 млн. АҚШ долларына көбейген. Экспорт бойынша облысымыздың жалпы экспортының негізгі серіктестері ретінде Нидерланды (39%) мен Өзбекстан (32%) мемлекеттері құрап отыр. Департамент басшысының айтуынша, өңірдегі тауарлар импорты 140 млн. АҚШ долларына немесе ...

Читать далее »

Құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялар мол

Түркістан облысы бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялардың көлемі 72903 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 107,5%  құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағы 61,5%  құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестиция салымдарының басым бөлігі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты – 48,8% немесе 35552,6 млн.теңге құрады. Тартылған қаражаттардан  46,5% немесе 33912,2 млн.теңге бюджеттік қаражат,  4,7% ...

Читать далее »

Кәсіпкерлерге демеу

«Қимылдағанның қыр асатыны» белгілі. Бүгінде кәсіпкерлік саласында бағын сынап көруге мүмкіндік мол. Мемлекеттік бағдарламалар да көмек қолын созады. Тіпті Үкімет тарапынан кепілдік беріліп, миллиондаған қаржы алуға да болады. «Бизнес Бастау» жобасы бойынша берілетін 18 млн теңгені қалай алу жолдары талайларды қызықтырғаны анық. Кәсіпкерліктің тасын өрге домалату үшін берілетін қаржыға қалай қол жеткізу жолдары арнайы семинарда жан-жақты түсіндірілді. «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет ...

Читать далее »

Облыстық бюджеттің қаржыландырумен 269 млн. теңгеге сатып алынды

Бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қалалардағы құрылыстың қарқын алуымен, халыққа барынша жағдай жасалуынан білінсе керек. Жуырда Кентау қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік — томографиямен жабдықталды. Заманауи талапқа сай ...

Читать далее »

Құрылыс қазаны қайнайды

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, Түркістан облысына қарасты Шымкенттегі ауруханалар кезең-кезеңімен көшіріледі. «Медициналық мекемелердің жетіспеуі мәселесін шешу үшін барлық жұмыстар жүріп жатыр. Шымкентте орналасқан клиникалар және балалар ауруханасы сол жақта қала береді. Облыстық туберкулезге қарсы және жүйке аурулары диспансері, екі бірдей перинаталдық орталық жұмысы жалғаса береді. Мұндай тәжірибе Алматы облысында да, Астанада да бар. Себебі, шалғай ...

Читать далее »

Мол өнім, таза табыс

Жетісай ауданына қарасты Шаблан Ділдәбеков ауыл округінде егістік жер көлемі 5450 гектарды құрайды. Оның 3120 гектарына мақта дәні себілсе, 96 гектарына қауын, 1229 гектарына қарбыз, 189 гектарына жүгері, 592 гектарына жоңышқа, 40 гектарына қырыққабат егілген. Аталған өнімді еккен шаруалар ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Цифрландыру жұмыстары  65 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаевтың округ халқымен ...

Читать далее »

Түркістанда құрылыс қызу жүргізілмек

Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі. Келер жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде «Бұл нысандар көрнекі үлгіде салынса деген ойымыз бар. Құрылысы да техникалық жабдықтау жағы да заманауи талаптарға сай ...

Читать далее »

Инвестицияның шарапаты…

Түркістан облысында бүгінде ірі кәсіпорындар инвестицияның шарапатын көріп отыр. Жылумен қамтамасыз ететін «Энергоорталық 3» АҚ жоспарға сәйкес инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. Алып  кәсіпорында бүгінде станция жабдықтарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұған  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ұйытқы болып отыр. 2016 жылы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өңірдегі департаментімен «Энергоорталық3» ...

Читать далее »