Ежедневные архивы: 11.10.2018

Инновациялық технологияларды өндіріске ендіруде

Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ темірді қайта өңдеу өндірісі іске аспақшы. Облыс бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі болғанымен, өңірде шикізатты әрі қарай дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар жоқтың қасы. Бұл ретте Мақтааралдың индустриалды аймағында тоқыма кластеріне, сондай-ақ мақтадан дайын өнім жасайтын басқа да жобаларға көңіл бөлінетін болады.  «Қазақ ...

Читать далее »

Бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылынан «Ишан бұлақ», «Ақшам» мөлтек ауданындағы демалыс саябақтарының құрылыстары аяқталады. Астананың 20, ауданның 90 жылдығына орай, Қарағұр, Жартытөбе ауылында саябақ салынады. Аудан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша, ЖСҚ әзірлеуге, жергілікті бюджеттен 78 млн қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама алуға ұсынылды. Созақ ауданы бойынша, 35 елді мекен­нің 23-не ауыз су құбыры ...

Читать далее »

«Үміт-СД» серіктестігіне артылар үміт мол

Түлкібастағы ІІ-ші әк тастарын өңдейтін кен орны «Таутехнологиятресі»  тарапынан 1937 жылы қазба тау-кен мәселесі іздестіріліп зерттелген. Бұл жұмыс Өзбек ССР және Қырғыз ССР Халық комиссиараттары жергілікті өндіріс салаларының келісімдері негізінде атқарылады. Тау-кен өндіріс орны одан құрылысқа қажетті әк тастарын  өндіруге арналған завод орналастыру  болып табылды. Ол зауытты іске қосу барысында Фрунзе қаласында жылына 100 мың тонна әк өндіру керек болатын. ...

Читать далее »

Индустрияландыру жұмыстарына оң баға берді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Бақыт Асанов жергілікті жердегі индустрияландыру жұмыстарының жай-күйіжәне ауыл шаруашылығының даму барысымен таныстырды. Ең алдымен облыс әкімінің орынбасары Мақтааралдың жаңа орталығы болған Мырзакент кентіндегі бірнеше нысандарды аралап көрді. Атап айтқанда, кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін Қажымұқан атындағы орталық стадионның, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері ...

Читать далее »

Орта Азиядағы алып зауыт

Түркістан облысына арасты Түлкібас ауданындағы әк зауыты кезінде КСРО теміржолына бағынғандықтан Одақтық маңызы бар әлемге әйгілі «Байқоңыр» құрылысына да ауданымызда бірінші болып үлес қосқан алып кәсіпорынның бірі. Ол кезде Байқоңырдың аты аталмайтын. «Аз-Транспром» трестің құжатында «Совершенно секретно» деген жазу болатын. 1956 жылы Совнархоз құрылғанда, әр  республика өз аумағына қарасты зауыттарды  өздеріне қайтарып алды. «Аз-Транспромда» 8 зауыт қалды. Олар Қызылордадағы кірпіш ...

Читать далее »

Жаңа Түркістанның құрылысы басталады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Түркістан облысына ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады. Жүздесуде инвесторлар облыс орталығы Түркістан қаласын дамытуға өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, «BI Group» компаниясы Түркістан қаласында 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды. ...

Читать далее »

Өнеркәсіп орындарының флагманы болған

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында «Түлкібас консерві зауыты» ЖШС-і ауданның және сырттан ауылшаруашылық өнім өндірушілерінен жеміс-жидек қабылдап, талапқа сай консерві түрлерін шығарған. Кезінде ауданымыздың өнеркәсіп орындарының флагманы болған Түлкібас консерві зауыты кезінде қайта жабдықталып ауданымызды, поселкеміздің тұрғындарын жұмыспен қамтыған. Зауытта 7 өндірістік цех жұмыс жасаған. Оның төртеуі өнім шығаратын цех болған. Зауыт құрылған 1965 жылдан бері еңбек ететін реттеуші шебер ...

Читать далее »

Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзінің берік қамалымен мәшһүр болған Сауран қаласына ат басын бұрды. Ондағы қала тарихы мен шаһардың құрылымы жайлы ақпар алды. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әлем ғалымдары қызығып отырған ескі Сауран қаласы ...

Читать далее »

Зауыттың болашағы жарқын

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында ірі кәсіпорындар жетерлік. Аудандағы жүгері сұрыптау зауыты 1964 іске қосылған. Ол кезде зауыт директоры Елубаев болған. Зауыт сол кезден бастап 1990 жылға дейін бүкіл Қазақстанға жүгері  тұқымын дайындап жөнелтіп отырды. 1991 жылдан бастап бидай ұнының әртүрлі сұрыптарын шығарды. Онымен қосы зауытта сары май, жүгері  таяқшаларын және сафлор майын да шығарған. Зауытта бірнеше басшылар қызмет жасаған. ...

Читать далее »

Жүз жасаған ананың алғысын алды

Түркістан облысы, Ақдала ауылдық округінде «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» атты іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты – жастарды имандылыққа, ізгілік пен мейірімділікке шақыру, үлкендерге құрмет көрсетіп, ата-ананы сыйлауды насихаттау болды. Ақдала ауылының жастары Ақдала ауылдық округі Онтам елдімекенінде тұратын жасы 101-ге толған Айменова Қалдыкүл апамыздың үйіне барып құттықтап қайтты. Ғасыр жасаған көнекөз қария апамыздың жасын берсін деген ниетпен бата алып, алғысын ...

Читать далее »