Түркістан облысы, Ақдала ауылдық округінде «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» атты іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты – жастарды имандылыққа, ізгілік пен мейірімділікке шақыру, үлкендерге құрмет көрсетіп, ата-ананы сыйлауды насихаттау болды. Ақдала ауылының жастары Ақдала ауылдық округі Онтам елдімекенінде тұратын жасы 101-ге толған Айменова Қалдыкүл апамыздың үйіне барып құттықтап қайтты. Ғасыр жасаған көнекөз қария апамыздың жасын берсін деген ниетпен бата алып, алғысын алып қайтты. Сондай-ақ, ауыл жастары Арыс қаласының тұрғыны Исахова Құндызай апамыздың үйіне барып, үй жұмыстарына қолғабыс беріп қайтты. Іс-шара мақсаты — жастарымызды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, қала және ауыл азаматтарына қол ұшын беру, үлкендерге құрмет көрсету болып табылды. Жастардың ісіне разы болған Құндызай апамыз ақ тілегін жаудыртып, ризашылығын білдірді. Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, қарттарды аялау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді
Жарияланды: 11.10.2018