Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысы өтіп, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамалық негіздері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, оқытушылар, салалық кәсіподақтардың мүшелері, ата-аналар комитеттері мен білім беру саласының сарапшылары қатысты. Қоғамда бірнеше ай бойы талқыланған заң ...
Читать далее »