Жарияланды: 03.07.2020

Қаланы көгалдандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда

Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 29 азамат жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда келісімшарт міндеттемелерін орындамаған 13 тұлғаға қарыздарын мәжбүрлеп төлету жұмыстары жүргізілуде. Талапқа бағынбағандардың ісі Шымкент және Нұрсұлтан соттарына жолданды.

Бүгінде қаланы көгалдандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ал, орман өртіне қарсы 976 га жер учаскесіне минералды жолақ жүргізілді. 2020 жылы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер түсімі 975,916 теңге болады деп жоспарланған.  Шымкент қаласы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 5 ай ішінде  аталған қаржының 45 пайызын орындаған. Ағымдағы жылы қоршаған орта саласының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеудің аяқталуына қалалық бюджеттен 57,506 млн. теңге бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу парталында өткізілген ашық конкурстың нәтижесінде мердігер мекеме анықталып, келісім түзілді. Сондай-ақ, Достық мөлтек ауданына 900 м  жол бойына отырғызылған ағаштарды баптау жұмыстары жүргізілуде.

949 қаралым