Жарияланды: 04.07.2020

Аса қажетті тауар өндіреді

Бүгін елімізде күніне 772 мың дана бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді. Қоймаларда 4  млн.-нан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса қажетті тауарға айналған бетперде тігумен шымкенттік кәсіпорындар да айналысады. Солардың бірі — «Bizhon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын карантин салдарында қажеттілігі аса сезілген тауарлардың бірі – маска өнімдерін шығарумен айналысады. Компания 2019 жылдың желтоқсан айында құрылып, бүгінде 200 шаршы метрлі ғимаратта 70 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Негізгі тұтынушылары – фармацевтика компаниялары тәулігіне спандбонд матадан жасалған үш қабатты бет маскаларына — 150 000 данаға дейін, ал мақта матадан жасалған көп рет қолданылатын бет маскаларына күніне 10000 дана тапсырыс береді.

879 қаралым