
фото АҚІСББҚ
Жобаның маңызды кезеңі аяқталды – ашық қоғамдық тыңдалымда басты мақсаттар, міндеттер және іс-шаралар жоспары талқыланды. Кездесу барысында құнды пікірлер мен ұсыныстар жиналып, жобаның тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
«IQ-ALA jastary» – жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған бірегей жоба. Интеллектуалды ойындар, тренингтер мен білім беру бастамалары арқылы жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтуді көздейміз.
Ойын құрылымы 3 (үш) негізгі кезеңнен және 4 (төрт) лигадан тұрады:
І КЕЗЕҢ – «IQ-ALA jastary» зияткерлік ойын жариялау және өтінімдерді қабылдау;
ІI КЕЗЕҢ – ЛИГАЛАР ОЙЫНЫ (іріктеу ойындары)
1. Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері арасында СТУДЕНТТІК ЛИГА;
2. Алматы қаласының белсенді жастары арасында БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЛИГАСЫ;
3. Алматы қаласының жұмысшы жастары арасында ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫ;
4. Әр түрлі санаттағы жастар арасында ЖАСТАР ЛИГАСЫ;
*Әр лигада жеңімпаз атанған командалар марапатталып, үздіктер финалдық кезеңге жолдама алады.
ІII КЕЗЕҢ – ГРАНД ФИНАЛ
«IQ-ALA jastary» арнайы жобасының финалдық кезеңі әр лига нәтижесінде үздік деп танылған 5 (бес) команданың қатысуымен ұйымдастырылады.
Ойынға қатысушылар 2025 жылдың 28 сәуірі күніне дейін (қоса есептегенде) талапқа сәйкес https://forms.gle/7X2rNgxNAMfPsRcMA сілтемесі арқылы өтінім жіберулері қажет. Тапсырыс жолдау – жоба Ережесінің барлық талаптарымен келісу болып табылады.
Ойынның жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.
I орын – 500 000 теңге
II орын – 300 000 теңге
III орын – 200 000 теңге
«IQ-ALA jastary» зияткерлік ойыны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.