Бүгінде Шымкент қаласында кәсіпорын нысандарының жалпы саны шамамен — 7 мыңды құрап отыр. Олардың қатарында басым көпшілігі шағын және орта бизнес субъектілері. Мәселен, 30 — сауда базарлары, 221 — 500 шаршы метрден жоғары барлық бағыттағы дүкендер мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, 80 фотосалон, 158 медициналық орталық, 273 стоматологиялық клиника, 20 жарнама агенттіктері мен 20 жылжымайтын мүлік агенттіктері, 120 жеке кабиналары бар моншалар, 60 үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер және 263 автожуу, май ауыстыру, техникалық қызмет көрсету станциялары. Осы кәсіпорындар қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды үлес қосуда. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалардың арқасында шағын кәсіпкерлер қатары тағы да арта түспек. Ол үшін түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер берілуде.
Жарияланды: 05.07.2020