Жарияланды: 08.07.2020

Елімізде алғаш болып пневмония мен ЖРВИ ауырғандарға 633 төсек орын ұйымдастырылды

Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Шымкент қаласында республикада алғашқылардың бірі болып, ағымдағы жылдың 25-ші маусымында 51 емханаларда ЖРВИ-мен пневмониямен ауырған науқастарға 633 төсек орын ұйымдастырылды.

Оның ішінде 319-ы мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда ашылды. Күніне орта есеппен 2000 науқас қамтылуда. Бүгінгі күні 2753 науқас емделіп шыққан.

671 қаралым