Жарияланды: 08.07.2020

Қаланың өкпесіне қамқорлық

«Шымкент қаласындағы «Жасыл белдеу» – қаламыздың өкпесі. Сол себепті бұл қала әкімінің қатаң бақылауында. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қаланың сыртындағы жасыл белдеу толығымен орындалады. Мұның барлығы Үкіметтің қаулысымен шаhардың даму жоспарындағы 85-тармағында бекітілген. Осы орайда атқарылған жұмысымыздың бір бөлігін жеткізе кетсем, Достық мөлтек ауданы, Ақбосаға көшесіндегі 900 м жол бойына отырғызылған ағаштарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. 1600 дана раушан гүлдері, 300 дана бозарша, 773 дана жай жапырақты ағаштарының түбін қопсытып, суғару шұңқырлары жасалып және ағаштар суғарылды. Сондай-ақ, осы жылы орман және дала алқаптарында өрт ең көп болатын жерлерге қосымша 2 бекет ұйымдастырылды», – деді Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев. Айта кетейік, осы жылдың алты айында «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына» 101578 демалушы келген. Нәтижесінде, жергілікті бюджетке 2 803 225 теңге салық төленген. Саябаққа кіру ақысы – 26,51 теңге. Ескертетін жайт, карантин режимі сақталуына байланысты саябақта ұсынылатын ақылы қызмет түрлері жүргізіліп жатқан жоқ.

609 қаралым